Астана қаласы, Қосшығұлұлы көшесі , № 24 ұй мекенжайы бойынша орналасқан «FitArenaWinox» фитнес клубының спорттық-сауықтыру қызметтерін көрсету туралы жария шартқа №4 қосымша ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ

"FitArena" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Клуб, Оператор) клиенттердің жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын құрметтейді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді өңдеуді қамтамасыз етеді. Осы Саясат FitArenaWinox фитнес-клубы клиенттерінің, сайтқа келушілердің, электрондық сервистерді, мессенджерлерді және өзге де байланыс арналарын пайдаланушылардың дербес деректерін алу, сақтау, пайдалану, беру, қорғау және жою тәртібін реттейді.

Қызметтерге ақы төлеу, клуб картасын ресімдеу, тіркеу, өтінім беру, сайтты пайдалану, клубқа бару, клуб қызметкерлеріне деректерді беру, мессенджерлер арқылы жүгіну не клубпен өзге де өзара іс-қимыл клиенттің осы Саясатпен толық танысуын және келісімін білдіреді.

Приложение №4 к публичному договору на оказание спортивно-оздоровительных услуг фитнес-клуба «FitArenaWinox», расположенного по адресу: город Астана, улица Қосшығұлұлы, дом № 24 ПОЛИТИКА КОНФИДЕНЦИАЛЬНОСТИ И ОБРАБОТКИ ПЕРСОНАЛЬНЫХ ДАННЫХ

Товарищество с ограниченной ответственностью «FitArena» (далее - Клуб, Оператор) уважает право клиентов на неприкосновенность частной жизни и обеспечивает обработку персональных данных в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Настоящая Политика регулирует порядок получения, хранения, использования, передачи, защиты и удаления персональных данных клиентов фитнес-клуба FitArenaWinox, посетителей сайта, пользователей электронных сервисов, мессенджеров и иных каналов связи.

Оплата услуг, оформление клубной карты, регистрация, подача заявки, использование сайта, посещение клуба, передача данных сотрудникам Клуба, обращение через мессенджеры либо иное взаимодействие с Клубом означает полное ознакомление и согласие клиента с настоящей Политикой.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Бұл Саясат жария құжат болып табылады және клуб клиенттерінің дербес деректерін өңдеуге байланысты барлық қатынастарға қолданылады.

1.2. Клуб клиентпен алдын ала келісусіз осы Саясатқа біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы.

1.3. Жаңа редакция клубтың сайтында, ақпараттық стендте немесе клиенттердің назарына жеткізудің өзге де қолжетімді тәсілімен орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.

1.4. Саясатты өзгерткеннен кейін клуб қызметін пайдалануды жалғастыру клиенттің жаңа редакциямен келісуін білдіреді.

1. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

1.1. Настоящая Политика является публичным документом и применяется ко всем отношениям, связанным с обработкой персональных данных клиентов Клуба.

1.2. Клуб вправе вносить изменения в настоящую Политику в одностороннем порядке без предварительного согласования с клиентом.

1.3. Новая редакция вступает в силу с момента размещения на сайте Клуба, информационном стенде либо иным доступным способом доведения до сведения клиентов.

1.4. Продолжение пользования услугами Клуба после изменения Политики означает согласие клиента с новой редакцией.

2. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР ҚҰРАМЫ

2.1. Клуб келесі мәліметтерді жинауға, сақтауға және өңдеуге құқылы:
  • тегі, аты, әкесінің аты;
  • туған күні;
  • қажет болған жағдайда ЖСН;
  • жынысы;
  • телефон нөмірі;
  • электрондық пошта мекенжайы;
  • тұрғылықты мекенжайы;
  • клиенттің фотобейнесі;
  • бейнебақылау камераларындағы жазбалар;
  • клубқа келу туралы мәліметтер;
  • кіру/өткізу жүйесінің деректері;
  • клуб картасы туралы мәліметтер;
  • сатып алулар мен көрсетілген қызметтер тарихы;
  • төлемдер, қайтарымдар және берешек тарихы;
  • өтініштер, арыздар, шағымдар;
  • WhatsApp, Telegram және өзге сервистердегі хат алмасулар;
  • клиентке хабарлау кезінде телефон сөйлесулерінің жазбалары;
  • сайттың техникалық деректері: cookies, браузер, құрылғы, кіру күні мен уақыты;
  • балаларға арналған қызметтерді рәсімдеу кезінде кәмелетке толмаған балалар туралы мәліметтер;
  • клиент ерікті түрде ұсынған өзге де мәліметтер.

2. СОСТАВ ПЕРСОНАЛЬНЫХ ДАННЫХ

2.1. Клуб вправе собирать, хранить и обрабатывать следующие сведения:
  • фамилия, имя, отчество;
  • дата рождения;
  • ИИН при необходимости;
  • пол;
  • номер телефона;
  • адрес электронной почты;
  • адрес проживания;
  • фотоизображение клиента;
  • видеозаписи с камер наблюдения;
  • сведения о посещениях клуба;
  • данные пропускной системы;
  • сведения о клубной карте;
  • история покупок и услуг;
  • история оплат, возвратов, задолженности;
  • обращения, заявления, претензии;
  • переписка в WhatsApp, Telegram и иных сервисах;
  • записи телефонных переговоров при уведомлении клиента;
  • технические данные сайта: cookies, браузер, устройство, дата и время входа;
  • сведения о несовершеннолетних детях при оформлении детских услуг;
  • иные сведения, добровольно предоставленные клиентом.

3. ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ МАҚСАТТАРЫ

3.1. Дербес деректер келесі мақсаттарда өңделеді:
  • шарт жасасу және орындау;
  • клуб мүшелігін рәсімдеу;
  • клиенттің жеке басын сәйкестендіру;
  • клубқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • қызметтер көрсету;
  • клиенттік базаны жүргізу;
  • жаттығулар мен келулерді брондау;
  • клиентпен байланыс жасау;
  • жұмыс кестесіндегі өзгерістер туралы хабарлау;
  • акциялар, жеңілдіктер және арнайы ұсыныстар туралы хабарлау;
  • төлемдерді қабылдау;
  • ақшалай қаражатты қайтару;
  • бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу;
  • Клубтың мүдделерін қорғау;
  • дауларды реттеу;
  • шағымдарды қарау;
  • келушілер мен мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • алаяқтық пен теріс пайдаланудың алдын алу;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау.

3. ЦЕЛИ ОБРАБОТКИ ДАННЫХ

3.1. Персональные данные обрабатываются для следующих целей:
  • заключение и исполнение договора;
  • оформление клубного членства;
  • идентификация личности клиента;
  • предоставление доступа в клуб;
  • оказание услуг;
  • ведение клиентской базы;
  • бронирование тренировок и посещений;
  • связь с клиентом;
  • уведомление об изменениях графика работы;
  • уведомление об акциях, скидках и специальных предложениях;
  • прием платежей;
  • возврат денежных средств;
  • бухгалтерский и налоговый учет;
  • защита интересов Клуба;
  • урегулирование споров;
  • рассмотрение претензий;
  • обеспечение безопасности посетителей и имущества;
  • предотвращение мошенничества и злоупотреблений;
  • исполнение требований законодательства РК.

4. ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

4.1. Деректерді өңдеудің негіздері мыналар болып табылады: шарт жасасу және орындау; клиенттің келісімі; Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары; Клубтың өз құқықтары мен мүлкін қорғауға байланысты заңды мүддесі.

4. ПРАВОВЫЕ ОСНОВАНИЯ ОБРАБОТКИ

4.1. Основанием обработки данных являются заключение и исполнение договора; согласие клиента; требования законодательства Республики Казахстан; законный интерес Клуба по защите своих прав и имущества.

5. КЛИЕНТТІҢ КЕЛІСІМІ

5.1. Клиент деректерді өңдеуге келесі сәттен бастап келісім береді: қызметтерге ақы төлеу; құжаттарға қол қою; сауалнама толтыру; сайт арқылы өтінім беру; мессенджерлерде хабарлама жолдау; Клуб қызметкерлеріне деректер ұсыну; клубқа нақты келу. Осы келісім ерікті, саналы түрде берілген және осы Саясатта көзделген барлық әрекеттер үшін жеткілікті болып есептеледі.

5. СОГЛАСИЕ КЛИЕНТА

5.1. Клиент предоставляет согласие на обработку данных с момента оплаты услуг; подписания документов; заполнения анкеты; подачи заявки на сайте; отправки сообщения в мессенджеры; предоставления данных сотрудникам Клуба; фактического посещения клуба.

Согласие считается добровольным, осознанным и достаточным для всех действий, предусмотренных настоящей Политикой.

6. КЛУБТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

6.1. Клуб құқылы:

6.1.1 клиенттен қажетті деректерді сұратуға;

6.1.2 ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеруге;

6.1.3 клиент туралы ақпаратты жаңартуға;

6.1.4 кіру кезінде клиенттің фотосуретін сәйкестендіру мақсатында пайдалануға;

6.1.5 ішкі есеп жүйелерін жүргізуге;

6.1.6 жанжалдарды қарау кезінде бейнежазбаларды пайдалануға;

6.1.7 клиентті сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда қолжетімділікті шектеуге;

6.1.8 деректер нақтыланғанға дейін қызмет көрсетуді тоқтата тұруға;

6.1.9 заң шегінде деректерді уәкілетті тұлғаларға беруге;

6.1.10 шарт аяқталғаннан кейін деректерді сақтауға;

6.1.11 сот дауларында қорғау мақсатында мұрағаттық деректерді пайдалануға;

6.1.12 автоматтандырылған өңдеу тәсілдерін қолдануға;

6.1.13 ақпаратты сақтау және өңдеу тәсілдерін өзгертуге.

6.2. Клуб міндеттенеді:

6.2.1 деректерді заңды мақсаттарда пайдалануға;

6.2.2 ақпаратты қорғаудың ақылға қонымды шараларын қабылдауға;

6.2.3 қызметкерлердің деректерге қолжетімділігін шектеуге;

6.2.4 заңды негіздерсіз деректерді таратпауға;

6.2.5 клиенттердің өтініштерін ақылға қонымды мерзімде қарауға;

6.2.6 Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға.

6. ПРАВА И ОБЯЗАННОСТИ КЛУБА

6.1. Клуб вправе:

6.1.1 запрашивать у клиента необходимые данные;

6.1.2 проверять достоверность сведений;

6.1.3 обновлять клиентскую информацию;

6.1.4 использовать фото клиента для идентификации при входе;

6.1.5 вести внутренние учетные системы;

6.1.6 использовать видеозаписи при рассмотрении конфликтов;

6.1.7 ограничивать доступ клиента при невозможности идентификации;

6.1.8 приостанавливать обслуживание до уточнения данных;

6.1.9 передавать данные уполномоченным лицам в пределах закона;

6.1.10 хранить данные после окончания договора;

6.1.11 использовать архивные данные для защиты по судебным спорам;

6.1.12 применять автоматизированную обработку данных;

6.1.13 изменять способы хранения и обработки информации.

6.2. Клуб обязуется:

6.2.1 использовать данные в законных целях;

6.2.2 принимать разумные меры защиты информации;

6.2.3 ограничивать доступ сотрудников к данным;

6.2.4 не распространять данные без оснований;

6.2.5 рассматривать обращения клиентов в разумный срок;

6.2.6 соблюдать требования законодательства РК.

7. КЛИЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

7.1. Клиент құқылы:

7.1.1 өз деректері туралы ақпарат алуға;

7.1.2 қате немесе толық емес деректерді нақтылауды талап етуге;

7.1.3 ақпаратты өңдеу мәселелері бойынша жүгінуге;

7.1.4 заңнамада көзделген жағдайларда келісімін кері қайтарып алуға.

7.2. Клиент міндетті:

7.2.1 шынайы және дұрыс деректер ұсынуға;

7.2.2 телефон нөмірі және өзге мәліметтер өзгерген жағдайда уақтылы хабарлауға;

7.2.3 бөтен тұлғалардың деректерін пайдаланбауға;

7.2.4 Клубты жаңылыстырмауға;

7.2.5 сервистерді пайдалану кезінде Клуб қағидаларын сақтауға.

Клиент жалған, ескірген немесе толық емес ақпарат ұсынған жағдайда туындаған салдарлар үшін Клуб жауапты болмайды.

7. ПРАВА И ОБЯЗАННОСТИ КЛИЕНТА

7.1. Клиент вправе:

7.1.1 получать информацию о своих данных;

7.1.2 требовать уточнения некорректных данных;

7.1.3 обращаться по вопросам обработки информации;

7.1.4 отзывать согласие в случаях, допустимых законом.

7.2. Клиент обязан:

7.2.1 предоставлять достоверные данные;

7.2.2 своевременно сообщать об изменении телефона и иных сведений;

7.2.3 не использовать чужие данные;

7.2.4 не вводить Клуб в заблуждение;

7.2.5 соблюдать правила Клуба при использовании сервисов.

Клуб не несет ответственности за последствия предоставления ложной либо устаревшей информации.

8. ФОТО ЖӘНЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ

8.1.Клуб санитарлық тораптар, душ бөлмелері және өзге де жеке аймақтарды қоспағанда бейнебақылау жүргізіледі.

8.2. Бейнебақылау мақсаттары:
  • клиенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • мүлікті қорғау;
  • құқық бұзушылықтардың алдын алу;
  • оқиғаларды тергеп-тексеру;
  • даулар бойынша дәлелдемелерді қамтамасыз ету.
8.3.Клубқа келу арқылы клиент бейнекамералардың бар екендігі туралы хабардар екенін растайды.

8.4.Бейнематериалдар Клуб тарапынан дәлел ретінде пайдаланылуы және заңды сұрау салу бойынша уәкілетті органдарға ұсынылуы мүмкін.

8. ФОТО И ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЕ

8.1. На территории Клуба ведется видеонаблюдение, кроме санузлов, душевых и иных приватных зон.

8.2. Цели видеонаблюдения:
  • безопасность клиентов и сотрудников;
  • защита имущества;
  • предотвращение нарушений;
  • расследование инцидентов;
  • доказательства по спорам.
8.3. Посещая Клуб, клиент подтверждает информированность о наличии камер.

8.4. Видеоматериалы могут использоваться Клубом как доказательства и предоставляться уполномоченным органам по законному запросу.

9. ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАР

9.1. Клуб төлем қабылдау, есеп жүргізу, хабарландыру жіберу және клиенттерге қызмет көрсету үшін сыртқы сервистерді пайдалануға құқылы.

9.2. Қолданылатын төлем жүйелері:

Tip Top Pay

Kaspi QR и Kaspi Pay

9.3.Клуб қажетті көлемдегі деректерді келесі тұлғаларға беруге құқылы: банктерге; төлем агрегаторларына; CRM-жүйелеріне; хабарландыру сервистеріне; IT-мердігерлерге; күзет ұйымдарына; заңнамада көзделген жағдайларда мемлекеттік органдарға.

9.4. Ақпарат заңды негізде берілгеннен кейін тәуелсіз үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін Клуб жауапты болмайды.

9. ПЛАТЕЖНЫЕ СИСТЕМЫ И ТРЕТЬИ ЛИЦА

9.1. Клуб вправе использовать внешние сервисы для приема оплаты, учета, уведомлений и обслуживания клиентов.

9.2. Используемые платежные системы:

Tip Top Pay

Kaspi QR и Kaspi Pay

9.3. Клуб вправе передавать необходимый объем данных: банкам; платежным агрегаторам; CRM-системам; сервисам рассылок; IT-подрядчикам; охранным компаниям; государственным органам в случаях, установленных законом.

9.4. Клуб не несет ответственность за действия независимых третьих лиц после законной передачи информации.

10. ЖАРНАМА ЖӘНЕ ХАБАРЛАНДЫРУЛАР

10.1. Клиент келесілерді алуға келісім береді: SMS хабарламалар; қоңыраулар; email хаттар; WhatsApp хабарламалары; Telegram хабарламалары; push-хабарламалар.

Шарт бойынша міндетті хабарламаларды қоспағанда, жазбаша өтініш негізінде бас тартуға болады.

10. РЕКЛАМА И УВЕДОМЛЕНИЯ

10.1. Клиент соглашается на получение: SMS; звонков; email; WhatsApp-сообщений; Telegram-сообщений; push-уведомлений.

Отказ возможен по письменному обращению, кроме обязательных уведомлений по договору.

11. COOKIES ЖӘНЕ САЙТ

Клуб сайты пайдаланылған кезде cookies және техникалық деректер келесі мақсаттарда жиналуы мүмкін:
  • сайттың дұрыс жұмыс істеуі үшін;
  • келушілер статистикасын талдау үшін;
  • сервисті жақсарту үшін;
  • жарнама және ремаркетинг үшін;
  • алаяқтықтың алдын алу үшін.
Сайтты пайдалануды жалғастыру клиенттің осы тәртіппен келісетінін білдіреді.

11. COOKIES И САЙТ

При использовании сайта Клуб вправе собирать cookies и технические данные для:
  • корректной работы сайта;
  • аналитики посещаемости;
  • улучшения сервиса;
  • рекламы и ремаркетинга;
  • предотвращения мошенничества.
Продолжение использования сайта означает согласие клиента с этим порядком.

12. ДЕРЕКТЕРДІ САҚТАУ

Клуб деректерді келесі мерзімдерде сақтауға құқылы:
  • шарттың қолданылу мерзімі ішінде;
  • шарт тоқтатылғаннан кейін бухгалтерлік есеп үшін;
  • салықтық есептілік үшін;
  • Клуб құқықтарын қорғау үшін;
  • соттық және талап қою даулары үшін;
  • заңнамада көзделген өзге жағдайларда.

12. ХРАНЕНИЕ ДАННЫХ

Клуб вправе хранить данные:
  • в течение срока договора;
  • после прекращения договора - для бухгалтерского учета;
  • для налоговой отчетности;
  • для защиты прав Клуба;
  • для судебных и претензионных споров;
  • в иных случаях, предусмотренных законом.

13. ЖАУАПКЕРШІЛІК

13.1.Үшінші тұлғалардың әрекеттері, хакерлік шабуылдар, байланыс үзілістері, форс-мажор және Клубтың ақылға қонымды бақылауынан тыс өзге жағдайлар салдарынан деректердің жоғалуы үшін Клуб жауапты болмайды.

13.2.Клиент жалған деректер ұсынған жағдайда туындайтын салдарлар үшін Клуб жауап бермейді.

13.3.Клиент тиісті өкілеттіксіз өзге тұлғалардың дербес деректерін пайдаланғаны үшін жауапты болады.

13. ОТВЕТСТВЕННОСТЬ

13.1. Клуб не несет ответственность за утрату данных вследствие действий третьих лиц, хакерских атак, перебоев связи, форс-мажора и иных обстоятельств вне разумного контроля Клуба.

13.2. Клуб не отвечает за последствия предоставления клиентом ложных данных.

13.3. Клиент несет ответственность за использование чужих персональных данных без полномочий.

14. ӨТІНІШ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

Дербес деректер бойынша сұрау салулар келесі мекенжайларға жіберіледі:

Email: sales.arena@winox.kz

Мекенжайы: __________________

Клуб өтініш берушінің жеке басын растауды сұратуға құқылы.

14. ПОРЯДОК ОБРАЩЕНИЙ

Запросы по персональным данным направляются: Email sales.arena@winox.kz

Адрес: __________________

Клуб вправе запросить подтверждение личности заявителя.

15. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

15.1. Өзге барлық мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

15.2. Егер осы Саясаттың жекелеген тармағы жарамсыз деп танылса, қалған ережелер өз күшін сақтайды.

15.3. Саясаттың өзекті редакциясы Клуб тарапынан дербес орналастырылады.

Мәтіндер арасында қайшылықтар туындаған жағдайда, орыс тіліндегі нұсқа басым күшке ие болады.

Осы Құпиялылық саясатымен таныстым:

15. ЗАКЛЮЧИТЕЛЬНЫЕ ПОЛОЖЕНИЯ

17.1. Во всем остальном стороны руководствуются законодательством Республики Казахстан.

17.2. Если отдельный пункт признан недействительным, остальные положения сохраняют силу.

17.3. Актуальная редакция Политики размещается

Клубом самостоятельно.

В случае возникновения расхождений между текстами, преимущественную силу имеет версия на русском языке.

С настоящей Политикой Конфиденциальности ознакомлен(-а)

ФИО клиента, подпись, дата