Астана қаласы, Қосшығұлұлы көшесі , № 24 ұй мекенжайы бойынша орналасқан «FitArenaWinox» фитнес клубының спорттық-сауықтыру қызметтерін көрсету туралы жария шартқа №5 қосымша ҚЫЗМЕТТЕРГЕ АҚЫ ТӨЛЕУ, АҚША ҚАРАЖАТЫН ҚАЙТАРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДЕН БАС ТАРТУ ТӘРТІБІ

Приложение №5 к публичному договору на оказание спортивно-оздоровительных услуг фитнес-клуба «FitArenaWinox», расположенного по адресу: город Астана, улица Қосшығұлұлы, дом № 24 ПОРЯДОК ОПЛАТЫ УСЛУГ, ВОЗВРАТА ДЕНЕЖНЫХ СРЕДСТВ И ОТМЕНЫ УСЛУГ

1. Жалпы ережелер

1.1. Клуб қызметтеріне ақы төлеу қолданыстағы прайс-параққа, тарифтерге, акцияларға және таңдалған абонементтің не қызметтің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

1.2. Қызметтердің құны, егер Клуб өзгеше тікелей көрсетпесе, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.

1.3. Ақша қаражаты Клуб кассасына немесе Клубтың есеп айырысу шотына түскен сәттен бастап төлем жасалған болып есептеледі.

1.4. Клуб жаңа қызметтердің, тарифтердің, пакеттердің және абонементтердің құнын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Бұрын төленген қызметтердің құны акция шарттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзгертілмейді.

1. Общие положения

1.1. Оплата услуг Клуба осуществляется в соответствии с действующим прайс-листом, тарифами, акциями и условиями выбранного абонемента либо услуги.

1.2. Стоимость услуг указывается в национальной валюте Республики Казахстан - тенге, если иное прямо не указано Клубом.

1.3. Оплата считается произведенной с момента поступления денежных средств в кассу Клуба либо на расчетный счет Клуба.

1.4. Клуб вправе в одностороннем порядке изменять стоимость новых услуг, тарифов, пакетов и абонементов. Стоимость уже оплаченных услуг изменению не подлежит, если иное не предусмотрено условиями акции либо договора.

2. Төлем тәсілдері

2.1. Төлем келесі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін:
  • қолма-қол ақша арқылы Клуб кассасына;
  • POS-терминал арқылы банк картасымен;
  • қолма-қол ақшасыз банктік аударыммен;
  • Клуб сайты арқылы;
  • банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
  • онлайн төлем сервистері арқылы;
  • Клуб рұқсат берген өзге тәсілдермен.
2.2. Қолданылатын онлайн төлем жүйелері:

Tip Top Pay

Kaspi QR и Kaspi Pay

2. Способы оплаты

2.1. Оплата может производиться следующими способами:
  • наличными денежными средствами в кассу Клуба;
  • банковской картой через POS-терминал;
  • безналичным банковским переводом;
  • через сайт Клуба;
  • через мобильные приложения банков;
  • через онлайн-платежные сервисы;
  • иными способами, разрешенными Клубом.
2.2. Используемые онлайн-платежные системы:

Tip Top Pay

Kaspi QR и Kaspi Pay

3. Бөліп төлеу, несие және ішкі кезең-кезеңімен төлеу тәртібі.

3.1. Клуб қызметтеріне банктік бөліп төлеу, несие немесе үшінші тұлғалардың өзге қаржылық өнімі арқылы ақы төленген жағдайда, клиент пен тиісті банк немесе қаржы ұйымы арасындағы қатынастар Клубтың қатысуынсыз бөлек реттеледі.

3.2. Банк немесе төлем жүйесі ұстайтын банктік комиссиялар, пайыздар, сервистік алымдар, эквайринг комиссиялары және өзге де ұсталымдар Клуб тарапынан қайтарылмайды.

3.3. Банк арқылы жасалған төлемдер бойынша ақша қаражатын қайтару Клуб шотына нақты түскен сома ескеріле отырып және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

3.4. Клуб клиенттерге Клуб белгілеген талаптармен ішкі бөліп төлеуді (кезең-кезеңімен төлеуді) ұсынуға құқылы.

3.5. Ішкі бөліп төлеу рәсімделген жағдайда төлем кестесіне, мерзімді өткізіп алуға, қайта есептеуге, ақшаны қайтаруға, шартты бұзуға және өзге міндеттемелерге байланысты барлық мәселелер тікелей Клиент пен Клуб арасында шешіледі.

3.6. Ішкі бөліп төлеу бойынша төлем мерзімі бұзылған жағдайда Клуб берешек толық өтелгенге дейін қызметтерге қолжетімділікті шектеуге құқылы.

3.7. Клуб себептерін түсіндірместен ішкі бөліп төлеуді ұсынудан бас тартуға құқылы.

3. Рассрочка, кредит и внутренний порядок поэтапной оплаты.

3.1. В случае оплаты услуг Клуба посредством банковской рассрочки, кредита либо иного финансового продукта третьих лиц, отношения клиента с соответствующим банком или финансовой организацией регулируются отдельно, без участия Клуба.

3.2. Банковские комиссии, проценты, сервисные сборы, комиссии эквайринга и иные удержания, взимаемые банком либо платежной системой, не подлежат возврату со стороны Клуба.

3.3. Возврат денежных средств по оплатам, произведенным через банк, осуществляется с учетом фактически поступившей суммы на счет Клуба и условий настоящих Правил.

3.4. Клуб вправе предоставлять клиентам внутреннюю рассрочку (поэтапную оплату) на условиях, установленных Клубом.

3.5. При оформлении внутренней рассрочки все вопросы, связанные с графиком платежей, просрочкой, перерасчетом, возвратом денежных средств, расторжением договора и иными обязательствами, разрешаются непосредственно между Клиентом и Клубом.

3.6. При нарушении сроков оплаты по внутренней рассрочке Клуб вправе ограничить доступ к услугам до полного погашения задолженности.

3.7. Клуб вправе отказать в предоставлении внутренней рассрочки без объяснения причин.

4. Қызметтерді белсендіру тәртібі

4.1. Абонемент, клуб картасы немесе қызмет шартта белгіленген күннен бастап не бірінші келу сәтінен бастап, бірақ жария оферта шартында белгіленген мерзімнен (30 күннен) кешіктірілмей белсендірілген болып есептеледі.

4.2. Клиенттің жеке себептермен қызметті пайдаланбауы оның қолданылу мерзімін автоматты түрде ұзартуға жеткілікті негіз болып табылмайды.

4. Порядок активации услуг

4.1. Абонемент, клубная карта либо услуга считаются активированными с даты, установленной условиями договора, либо с момента первого посещения, но не позднее срока, установленного договором оферты (30 дней).

4.2. Неиспользование услуги клиентом по личным причинам не является достаточным основанием для автоматического продления срока действия.

5. Ақша қаражатын қайтару

5.1. Ақша қаражатын қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында және шарт талаптарында көзделген негіздер болған кезде жүзеге асырылады.

5.2. Клиент абонементтен мерзімінен бұрын бас тартқан жағдайда, пайдаланылмаған кезең үшін қайтару келесілерді ескере отырып жүргізіледі: нақты көрсетілген қызметтер; пайдаланылған келулер; берілген бонустар; жеңілдіктер мен акция шарттары; әкімшілік шығындар; қайтарылмайтын мүшелік бөлігі; банктік және төлем комиссиялары.

5.3. Егер шартта құн қызметтер мен клуб мүшелігіне бөлінген болса, қайтарылмайтын бөлігі офертада белгіленген тәртіппен ұсталады.

5.4. Қайтару төлем жасалған тәсілмен немесе Клуб шешімі бойынша өзге тәсілмен және заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

5.5. Ақша қаражатын қайтару мерзімі - өтініш мақұлданған күннен бастап 10 жұмыс күніне дейін, егер заңда немесе банк талаптарында өзге мерзім көзделмесе.

5.6. Қайтаруға жатпайды:
  • нақты көрсетілген қызметтер;
  • пайдаланылған жеке жаттығулар;
  • пайдаланылған бір реттік келулер;
  • шартта көзделген әкімшілік алымдар;
  • банктік комиссиялар;
  • белсендірілгеннен кейін сыйлық сертификаттары;
  • бонустық есептеулер, сыйлықтар, акциялар ақшалай баламада;
  • өтініш берілген сәтке дейін толық көрсетілген қызметтер.

5. Возврат денежных средств

5.1. Возврат денежных средств производится при наличии оснований, предусмотренных законодательством Республики Казахстан и условиями договора.

5.2. При досрочном отказе клиента от абонемента возврат производится за неиспользованный период с учетом: фактически оказанных услуг; использованных посещений; предоставленных бонусов; скидок, акционных условий; административных расходов; невозвратной части членства, банковских и платежных комиссий.

5.3. Если договором предусмотрено разделение стоимости на услуги и клубное членство, невозвратная часть удерживается в порядке, установленном офертой.

5.4. Возврат осуществляется тем же способом оплаты либо иным способом по решению Клуба и в соответствии с законодательством.

5.5. Срок возврата денежных средств - до 10 рабочих дней с даты утверждения заявления, если иной срок не предусмотрен законом либо банком.

5.6. Возврату не подлежат:
  • фактически оказанные услуги;
  • использованные персональные тренировки;
  • разовые посещения после факта посещения;
  • административные сборы, если предусмотрены договором;
  • банковские комиссии;
  • подарочные сертификаты после активации;
  • бонусные начисления, подарки, акции в денежном эквиваленте;
  • услуги, полностью оказанные на момент обращения.

6. Жазылымды болдырмау, ауыстыру және қосымша қызметтерді көрсету тәртібі

6.1. Жеке жаттығуға, секцияға, топтық сабаққа, рәсімге немесе өзге қосымша қызметке жазылуды Клиент қызмет басталғанға дейін кемінде 12 сағат бұрын Клубпен байланысып, болдырмауға немесе ауыстыруға құқылы.

6.2. Белгіленген мерзімнен кеш бас тартқан жағдайда, Клубты уақытылы хабардар етпеген кезде немесе Клиент алдын ала ескертусіз келмеген жағдайда, қызмет толық немесе ішінара көрсетілген болып есептеледі, ал төленген ақша қайтарылмайды, егер Клуб өзгеше шешім қабылдамаса.

6.3. Клиенттің 10 минуттан артық кешігуі қызмет көрсету уақытының кешіккен уақытқа қысқаруына әкелуі мүмкін. Бұл ретте қызмет құны өзгермейді. Елеулі кешігу кезінде Клуб қызметті өткізіп алған деп тануға құқылы.

6.4. Клиент келмеген жағдайда Клуб төленген пакеттен бір сабақты есептен шығаруға немесе жазылымды пайдаланылған деп тануға құқылы.

6.5. Клуб техникалық себептерге, жаттықтырушының ауыруына, маманның демалысына, өндірістік қажеттілікке, форс-мажор жағдайларына, кестенің өзгеруіне немесе өзге де объективті себептерге байланысты жазылым уақытын ауыстыруға құқылы. Бұл жағдайда Клиентке балама уақыт ұсынылады.

6.6. Жаттықтырушыны, нұсқаушыны немесе маманды тиісті біліктілігі бар басқа қызметкерге ауыстыру қызметтің тиісінше көрсетілмеуі болып саналмайды және ақшаны қайтаруға негіз болмайды.

6.7. Клиент ұсынылған балама уақыттан бас тартқан жағдайда, мәселе Клубтың ішкі қағидаларына сәйкес шешіледі.

6.8. Клиенттің жеке бос еместігіне, ұмытып кетуіне, кешігуіне, көлік кешігулеріне, ауа райы жағдайларына немесе Клубқа тәуелсіз өзге де себептерге байланысты қызметті өткізіп алуына Клуб жауапты болмайды.

6. Порядок отмены записи, переноса и оказания дополнительных услуг

6.1. Запись на персональную тренировку, секцию, групповое занятие, процедуру либо иную дополнительную услугу может быть отменена или перенесена клиентом не позднее чем за 12 часов до времени начала услуги путем обращения в Клуб через доступные каналы связи.

6.2. При отмене записи позже установленного срока, несвоевременном уведомлении Клуба либо неявке клиента без предупреждения услуга считается оказанной полностью, либо частично по правилам Клуба, а денежные средства возврату не подлежат, если иное не определено Клубом.

6.3. Опоздание клиента более чем на 10 минут может повлечь сокращение времени оказания услуги на период опоздания без изменения стоимости услуги. При значительном опоздании Клуб вправе признать услугу пропущенной.

6.4. В случае неявки клиента Клуб вправе списать одно занятие из оплаченного пакета либо считать запись использованной.

6.5. Клуб вправе перенести запись по техническим причинам, болезни тренера, отпуску специалиста, производственной необходимости, форс-мажорным обстоятельствам, изменению расписания либо иным объективным причинам, уведомив клиента и предложив альтернативное время.

6.6. Замена тренера, инструктора либо специалиста на иного работника соответствующей квалификации не считается ненадлежащим оказанием услуги и не является основанием для возврата денежных средств.

6.7. При отказе клиента от предложенного альтернативного времени вопрос урегулируется по внутренним правилам Клуба.

6.8. Клуб не несет ответственности за пропуск услуги клиентом по причинам личной занятости, забывчивости, опоздания, транспортных задержек, погодных условий либо иным обстоятельствам, не зависящим от Клуба.

7. Абонементті мұздату

7.1. Абонементті мұздату клуб картасының түрінде көзделген және жария оферта шартында көрсетілген негіздер болған жағдайда ғана беріледі.

7.2. Мұздатуға өтінім алдын ала беріледі. Өткен күнмен рәсімделмейді.

7.3. Мұздату мерзімі нақты тариф талаптарына сәйкес айқындалады.

7. Заморозка абонемента

7.1. Заморозка абонемента предоставляется только если предусмотрена видом клубной карты и по причинам, описанным в договоре оферты.

7.2. Заявка на заморозку подается заранее. Задним числом заморозка не оформляется.

7.3. Период заморозки определяется условиями конкретного тарифа.

8. Қате төлемдер

8.1. Ақша қаражаты қате аударылған жағдайда клиент Клубты дереу хабардар етуге және растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

8.2. Қате төлемді қайтару қаражаттың түсуі тексерілгеннен кейін 10 банктік күн ішінде жүзеге асырылады.

8. Ошибочные платежи

8.1. При ошибочном перечислении денежных средств клиент обязан незамедлительно уведомить Клуб и предоставить подтверждающие документы.

8.2. Возврат ошибочного платежа производится после проверки поступления средств в течение 10 банковских дней.

9. Берешек болған кезде қызмет көрсетуден бас тарту

9.1. Клуб келесі жағдайларда қызметтерге қолжетімділікті уақытша шектеуге құқылы:
  • берешек болғанда;
  • төленбеген ұзарту болғанда;
  • банк төлемді жойған кезде;
  • chargeback / операцияға дау айту кезінде;
  • алаяқтық төлем белгілері болғанда.

9. Отказ в обслуживании при задолженности

9.1. Клуб вправе временно ограничить доступ к услугам при наличии:
  • задолженности;
  • неоплаченного продления;
  • отмененного банком платежа;
  • chargeback / оспаривания операции;
  • признаков мошеннической оплаты.

10. Қорытынды ережелер

10.1. Төлемдер мен қайтаруларға қатысты барлық даулы мәселелер талап қою тәртібімен шешіледі.

10.2. Клуб төлем жасаушының жеке басын және қаражатты қайтару құқығын растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.

10.3. Осы Қағидалар мен Жария оферта арасында қайшылық туындаған жағдайда, Жария оферта мәтіні басым күшке ие болады.

Мәтіндер арасында айырмашылықтар туындаған жағдайда, орыс тіліндегі нұсқа басым күшке ие болады.

Осы қағидалармен таныстым:

Клиенттің Т.А.Ә. __________________

Қолы __________________

Күні __________________

10. Заключительные положения

10.1. Все спорные вопросы по оплате и возвратам решаются в претензионном порядке.

10.2. Клуб вправе запросить документы, подтверждающие личность плательщика и право на возврат средств.

10.3. При противоречии между настоящими Правилами и Публичной офертой преимущественную силу имеет текст Публичной оферты.

В случае возникновения расхождений между текстами, преимущественную силу имеет версия на русском языке.

С настоящими правилами ознакомлен(-а)

ФИО клиента, подпись, дата

___________________________________